Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № С-72/2 «Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Ақпараттандырады: Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ басшысының м.а. – Е.Д.Жапаров.
2. Шортанды аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихат хатшысының уақытша міндетін атқаруды анықтау туралы.
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/5 «Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының тұрақты комиссияларын құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С - 1/6 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар істері, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының дербес құрамы туралы.
7. Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.
8. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова