Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезекті сессиясының қарауына
енгізілетін негізгі мәселелер туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Шортанды аудандық мәслихатының регламентіне және Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына келесі мәселелер енгізілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихаты хатшысының аудандық мәслихаттың қызметі туралы есебі.
Баяндаушы: Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы Г.Ә. Сәдуақасова.
2. Шортанды ауданының тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
Баяндаушы: «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Р. Д.Бөтембаев.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова