Шортанды ауданын
басқару сызбасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 шілдедегі № 633 «Мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығы, Шортанды ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қазандағы № А-10/195 «Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдарының штат санының лимиттері туралы» қаулысы және аудан әкімінің ұсыныстары негізінде Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды ауданын басқару сызбасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жойылсын.
3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова
Шортанды аудандық мәслихатының
2021 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 7С–18/8 шешіміне
2 қосымша
Күші жойылуға жататын,
Шортанды аудандық мәслихаты шешімдерінің тізбесі
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 қаңтардағы № С-21/2 «Ауданды басқару сызбасын бекіту туралы» шешімі;
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 1 ақпандағы № С-23/3 «Шортанды аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 қаңтардағы № С - 21/2 «Ауданды басқару сызбасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі;
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 қарашадағы № С-33/2 «Шортанды аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 қаңтардағы № С-21/2 «Ауданды басқару сызбасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі;
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № С-13/2 «Шортанды аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 қаңтардағы № С-21/2 «Ауданды басқару сызбасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі;
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 15 тамыздағы № С-19/3 «Шортанды аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 қаңтардағы № С-21/2 «Ауданды басқару сызбасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі;
6. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 мамырдағы № С-57/4 «Шортанды аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 қаңтардағы № С-21/2 «Ауданды басқару сызбасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі;
7. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-70/5 «Шортанды аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С - 21/2 «Ауданды басқару сызбасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі.