№ 7С-18-1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

жетінші шақырылымының

кезекті он сегізінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезекті он сегізінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. 2022-2024 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы.

Баяндаушы: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж.Қ. Мұнтаева.

2. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С - 1/3 «Nur Otan» партиясы» депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С - 1/6 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар істері, ұлтаралық қатынастар, халық денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С - 1/8 «Шортанды аудандық мәслихатының аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. 2022 жылға арналған аудандық мәслихат аппаратын ұстауға, қызметін қамтуға арналған шығындарын, аппараттың штатын және құрылымын бекіту туралы.

6. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

7. Шортанды ауданын басқару сызбасын бекіту туралы.

8. Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың хатшысы                                            Г. Сәдуақасова

Дата публикации
01 декабря 2022