Шортанды аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күшін
жою туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова
Шортанды аудандық мәслихатының
2021 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 7С–17/4 шешіміне
қосымша
Күші жойылуға жататын,
Шортанды аудандық мәслихаты шешімдерінің тізбесі
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-70/4 «Шортанды ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» шешімі;
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 7С-3/3 «Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № С-70/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі;
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 7С-4/3 «Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № С-70/4 «Шортанды ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі;
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 маусымдағы № 7С-7/3 «Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № С-70/4 «Шортанды ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» шешімі.