Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезектен тыс он бесінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс он төртінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С-71/2 «2021-2023 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпараттандыратын: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж.Қ.Мұнтаева.
2. Шортанды ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын), елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төламақының базалық ставкаларына түзету коэффициентерін бекіту туралы.
Ақпараттандыратын: ауданның «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Ә.Ш.Ордабаева.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № С-37/2 «Шортанды аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова