№ 7С-14-1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

жетінші шақырылымының

кезектен тыс он төртінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс он төртінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-70/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпараттандыратын: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж.Қ.Мұнтаева.

2. «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/5 «Шортанды ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

4. 2022 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

5. Шортанды ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

6. Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-12/4 «Шортанды ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қазандағы № С-9/19 «Бюджетке төлемдер мен салықтар,  еңбекақы мен жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешекті болдырмау жөнінде жұмыс тобының дербес құрамын бекіту туралы»  шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

8. Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

9. Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылдың 15 тамыздағы № С-19/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

10. Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 мамырдағы № С-38/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

11. Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылдың 29 сәуіріндегі № С-15/3 «Құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

12. Шортанды аудандық мәслихатының  2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

13. Шортанды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № С-26/10 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

14. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 қазандағы № С-19/3 «1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

15. Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 шілдедегі № С-6/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

16. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 шілдедегі № С-17/10 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

17. Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № С-24/7 «Шортанды ауданында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

18. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 мамырдағы № С-57/5 «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

19. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № С-14/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

20. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № С-64/4 «Шортанды ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихаттың хатшысы                                                         Г. Сәдуақасова

Дата публикации
01 декабря 2022