Б. Б. Малғаждаровты
Шортанды ауданы әкімінің
лауазымына тағайындауға
келісім беру туралы
«Облыстық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың әкімдерін қызметке тағайындау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бауыржан Бағдатұлы Малғаждаровты Шортанды ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім берілсін.
2. Шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Шортанды аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова