Шортанды аудандық мәслихатының
кейбір депутаттарының өкілеттігін
мерзімінен бұрын тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабының 3 тармағының 7) тармақшасына сәйкес және Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 1, № 2 ұсынымы негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихаты депутаттарының Әбіш Іңкәрім Кеңесбайқызы мен Мұқанов Әсет Днесламұлының өкілеттігі әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Шортанды аудандық
мәслихатының хатшысы Г. Сәдуақасова