№ 7С-10-2 шешім (Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі)

Шортанды ауданы әкімінің

өзіне жүктелген функциялар

мен міндеттерді орындауы туралы есебі

 

 

Шортанды ауданының әкімі Г.Қ. Қасеновтың есебін тыңдап және талқылағаннан кейін аудандық мәслихат ауданның атқарушы органдарының қызметі халықтың экономикалық тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтеді.

Сонымен, 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шығарылатын өнеркәсіп өнімінің көлемі 30,6 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 90,8% құрады.

Ауыл шаруашылығының өндірілген жалпы өнімінің құны 3,8 млрд. теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 101,0% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 7,8 млрд.теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 143,2% құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,8 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың деңгейіне 187,7% құрады. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 686,4 млн.теңгені немесе 2020 жылдың деңгейіне 166,5% құрады. 5,8 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2020 жылғы деңгейге қарағанда 166,5% құрайды.

2021 жылдың 1 шілдесіне салық түсімі 737,8 млн. теңгені құрады немесе 484,4 млн. теңге жоспар бойынша 152,3% - ға орындалды. Өсу қарқыны 5 % құрады.

Егіс науқаны сапалы және мерзімінде жүргізілді. Ағымдағы жылдың егістігімен 232,8 мың га қамтылған, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстарды сапалы жүргізуге ықпал етеді. Ағымдағы жылы ауданда 22 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

ІҚМ мен ҰММ, жылқы, құс санының өсуі байқалады. Сондай – ақ, өткен жылмен салыстырғанда мал шаруашылығы өнімдері-ет, сүт және жұмыртқа өндірісі оң динамикаға ие.

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 73 бас етті бағыттағы асыл тұқымды бұқалар сатып алынды.

Шортанды ауданы инвесторларды тартумен және жаңа өндірістерді құрумен белсенді айналысады. Осылайша, 2021 жылдың соңына дейін «Милк Продукт» ЖШС Бозайғыр ауылындағы сүт-тауар фермасы (жоба сомасы 1,2 млрд.теңге), «КирпКаз» ЖШС Бектау ауылындағы кірпіш өнімдерін өндіру кәсіпорны (жоба сомасы 100 млн. теңге, «Kaz Cargo Service» ЖК Бозайғыр ауылындағы демалыс аймағының құрылысы) сияқты жобалар іске асырылатын болады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша облыстық көлемдегі ауданның үлесі 4,2% құрады, бұл облыстық рейтингтегі 7 көрсеткіш. Тұрғын үй құрылысына инвестиция салу бойынша аудан 6-шы орында.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым мәселелерін шешу өңірді дамыту басымдықтарының қатарында қалып отыр. Жоғары тұрған бюджет қаражаты есебінен ауданның инфрақұрылымын дамытуға шамамен 3 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күні аудан халқының 92% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Төңкеріс бекетіне су құбыры желілерін қайта жаңғырту үшін 285,8 млн.теңге бөлінді. Ауданның ауылдарын сумен жабдықтау бойынша өзекті мәселелерді шешу мақсатында келесі жобалар әзірлену үстінде: Раевка а. су тарту ұңғымалары мен су таратқыштар құрылысы, Егемен - Гуляй-поле а. сумен жабдықтаудың тарату желілерін қайта жаңарту, Новографское а. блок модульдік қондырғы құрылысы, Шортанды а. су құбыры желілерін қайта жаңарту және Ключи а. су таратқыш құрылысы.

Автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту мәселесіне ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылы ауданның 10 елді мекенінде жолдарды жөндеуге 1,0 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді.

Халықпен тікелей кедергісіз диалог орнату мақсатында аудан әкімдігі ғимаратында «OPEN SPACE» кабинеті жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды ауданының әкімі Г. Қ. Қасеновтың есебі бекітілсін.

2. Мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру және экономиканың негізгі салаларының өсу қарқынын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың оң жұмысын атап өту.

3. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына ұсынылсын:

- Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары шеңберінде мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды тиімді іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;

- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері мен индикаторларын сақтау және жақсарту;

- азық-түлік тауарлары мен бірінші кезекте қажетті тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

- халықтың әлеуметтік-осал топтарына (жалғыз басты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға) көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізу;

- есепте белгіленген инфрақұрылым объектілерінің жұмыс жүргізілуін және пайдалануға уақтылы тапсырылуын ерекше бақылауға алу;

- демографиялық және көші-қон процестерін талдау, әлеуметтік-экономикалық даму негізінде білім беру мекемелерін, су құбыры желілерін және кентішілік, қала аралық, аудандық, облыстық және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу көзделсін.

4. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                   Г. Сәдуақасова

Дата публикации
29 ноября 2022