№ 7С-9-3 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 маусымдағы № С-4/4 «Шортанды аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы )

Шортанды аудандық мәслихатының

2016 жылғы 8 маусымдағы № С-4/4

«Шортанды аудандық мәслихатының

Регламентін бекіту туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 маусымдағы № С-4/4 «Шортанды аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:  

көрсетілген шешіммен бекітілген Шортанды аудандық мәслихатының Регламентінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шортанды аудандық мәслихатының осы регламенті (бұдан әрі – регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелерді енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртібін, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртібін және басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелерді белгілейді.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Мәслихаттың жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқығына, еркіндігі мен міндеттеріне қатысты шешімдері Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялануға тиіс.»;

32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Мәслихат Шортанды ауданы әкімінің есептерін тыңдау жолымен жергілікті бюджеттің атқарылуын, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

33. Мәслихат «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес сессияда Шортанды ауданы әкімінің есебін тыңдайды.

Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.

Мыналар:

1) аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы әкім ұсынған есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі;

2) жергілікті қоғамдастық жиналысының кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастама жасауы мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

Кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастама жасау Заңның 39-3-бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен расталады.»;

35-тармақта қазақ тілінде мәтіні өзгермейді, орыс тілінде мәтіні өзгерді.

2.  Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық

мәслихаттың хатшысы                                                    Г. Сәдуақасова 

Дата публикации
29 ноября 2022