Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезектен тыс тоғызыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс тоғызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 мамырдағы № 7С-6/18 «Шортанды аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы» шешімінің күшін жою туралы.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 маусымдағы № С-4/4 «Шортанды аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С-71/2 «2021-2023 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпараттандыратын: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы – Ж.Қ. Мұнтаева.
4. Шортанды ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № С-24/7 «Шортанды ауданында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарды реттеу жөніндегі комиссия құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Шортанды ауданы әкімдігінің Жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
2. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Шортанды аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова