Шортанды аудандық мәслихатының
2019 жылғы 10 қаңтардағы № С-37/2
«Шортанды аудандық сайлау комиссиясының
мүшелерін сайлау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Денсаулық жағдайы бойынша өтініш бергеніне байланысты Шортанды ауданының сайлау комиссиясының құрамынан Петько Юрий Николаевич шығарылсын.
2. Комиссия құрамынан шыққанның орнына Шортанды ауданының сайлау комиссияның мүшесі болып Ниспек Ақылбек Адамбекұлы сайлансын.
3. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
_____________ Ә. Мұқанов ____________ Г. Сәдуақасова