Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезектен тыс жетінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс жетінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-70/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпараттандыратын: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Қ. Мұнтаева.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-70/4 «2021-2025 жылдарға Шортанды ауданының аумағын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № С-37/3 «Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
_____________ А. Мұқанов ____________ Г. Сәдуақасова