№ 7С-6-17 шешім (Шортанды аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының кезекті сессиясына енгізілетін негізгі мәселе туралы)

Шортанды аудандық мәслихаттың

жетінші шақырылымының

кезекті сессиясына енгізілетін

негізгі мәселе туралы

           

           

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Шортанды аудандық мәслихатының регламентіне және Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қаралымына төмендегі мәселе енгізілсін:

1. Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларының орындалуы туралы есебі.

Баяндаушы: Шортанды ауданының әкімі Г.Қ. Қасенов.

2. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың                                                                             Аудандық

сессия төрайымы                                                                                     мәслихаттың хатшысы

_____________ Ғ. Даитова                                                                      ____________ Г. Сәдуақасова

Дата публикации
29 ноября 2022