2020 жылға арналған
аудандық бюджеттің атқарылуы
туралы жылдық есепті бекіту туралы
Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ММ) «2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебін тыңдап және талқылағаннан кейін Шортанды аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдары 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша тиісті жұмыс жүргізгенін атап өтеді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары 2019 жылмен салыстырғанда экономиканың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетеді. Қолданыстағы бағаларда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 61 619,6 млн.теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 96,6% – ды құрады (2019 жылы – 47450,3 млн. теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 12 839,4 млн.теңгені (немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 81,9%), құрылыс жұмыстарының көлемі 5 209,9 млн. теңгені (2019 жылға 66,9%), тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар – 876,9 млн. теңгені (2019 жылға 102,1%) құрады.
2020 жылға арналған аудандық бюджет Аудандық мәслихат сессиясының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № С-51/2 шешімімен бекітілген. Кірістер бойынша түзетілген жоспар 6 854 476,1 мың теңгені, шығыстар бойынша 7 532 656,9 мың теңгені құрады. Түсімдер жоспары Жалпы 103,0% - ға орындалды бюджетке 7 936 638,3 мың теңге түсті, оның ішінде меншікті кірістер 121,5% - ға орындалды, жоспар 953 593,2 мың теңге 1 158 734,9 мың теңге сомасында түсті немесе жоспар 205 141,7 мың теңгеге асыра орындалды.
Трансферттер түсімі 100% немесе 5 900 822,9 мың теңгені құрады.
2020 жылы аудандық бюджеттің шығындары 100% - ға орындалды. 2019 жылмен салыстырғанда (6 679 685,6 мың теңге) шығындар 12,8% - ға ұлғайып, 7 532 656,9 мың теңгені құрады. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулар мен түзетулердің нәтижелері бойынша шығындар көлемі жоғары тұрған бюджеттерден трансферттер бөлінуіне және кіріс бөлігінің ұлғаюына байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (5 407 992 мың теңге) 2 124 664,9 мың теңгеге ұлғайтылды.
Аудандық бюджет шығындарының негізгі сомасы «Білім беру» функционалдық топтарына 4 161 997,8 мың теңге немесе 55,2% тиесілі.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып, «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің «Шортанды ауданының 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есебінің негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі назарға алынсын.
2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының «Шортанды ауданы бюджетінің 2020 жылға атқарылуы туралы» есеп-қорытындысы назарға алынсын.
3. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысында көрсетілген ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 854 476,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 924 466 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 12 565,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-16 562 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 5 900 882,9 мың теңге;
2) шығындар-7 532 656,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу-64 986 мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер-120 248 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 55 262 мың теңге;
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо-0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу- 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-743 166,8) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 743 166,8 мың теңге.
4. Ұсынылсын:
1) аудандық әкімдікке:
- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең үздік және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету;
- жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, кіріс бөлігін толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту жөнінде жұмыс жүргізу;
- Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес бюджет қаражатын пайдалану, «Шортанды ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасын» іске асыру кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік мекемелер басшыларының жауапкершілігін қарау;
2) Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ:
- бюджеттік бағдарламалардың орындалуын жоспарлауға және нәтижелерге қол жеткізуге назар аударылсын, тексеру комиссиясының ағымдағы жылға арналған аудандық бюджетті жоспарлау кезінде және оның орындалуы барысында ұсынымдары ескерілсін;
- Шортанды ауданының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Бағдарламасына «Объективті және сапалы мониторинг жүргізу»;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражатының мақсатты және тиімді игерілуіне бақылауды күшейтсін, нысаналы трансферттердің сапалы игерілуіне ерекше назар аударсын.
5. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық
сессия төрайымы мәслихаттың хатшысы
_____________ Ғ. Даитова ____________ Г. Сәдуақасова