Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезектен тыс бесінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс бесінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 наурыздағы № С-25/2 ««Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 сәуірдегі № С-27/2 «Шортанды ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/3 ««Nur Otan» Партиясының» депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/6 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және этика, жастар істері, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың Аудандық
сессия төрайымы мәслихаттың хатшысы
_____________ Ғ. Даитова ____________ Г. Сәдуақасова