№ 7С-4-5 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 ақпандағы № С–46/3 «Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесі жөніндегі Ережесін бекіту туралы» шешімнің күшін жою туралы)

Шортанды аудандық мәслихатының

2016 жылғы 22 ақпандағы № С–46/3

«Шортанды ауданының Қоғамдық

кеңесі жөніндегі Ережесін бекіту туралы»

шешімнің күшін жою туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 151 «Күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің» қаулысына және Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 22264 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 ақпандағы № С–46/3 «Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесі жөніндегі Ережесін бекіту туралы» шешімнің күші жойылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың                                                                                     Аудандық

сессия төрайымы                                                                                             мәслихаттың хатшысы

_____________ Ғ. Даитова                                                                             ____________ Г. Сәдуақасова

Дата публикации
29 ноября 2022