№ 7С-4-4 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № С–39/2 «Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы)

Шортанды аудандық мәслихатының

2019 жылғы 15 наурыздағы № С–39/2

«Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің

құрамын бекіту туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының сәйкес, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 12 бабының 3 тармағымен, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № С–39/2 «Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

«Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы – Әкімжанова Салтанат Қуандыққызы Шортанды ауданы Қоғамдық Кеңесінің құрамынан шығарылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Шортанды аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

 

 

Аудандық мәслихаттың                                                                                Аудандық

сессия төрайымы                                                                                        мәслихаттың хатшысы

_____________ Ғ. Даитова                                                                          ____________ Г. Сәдуақасова

Дата публикации
29 ноября 2022