Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезекті үшінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезекті үшінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды ауданының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасының мақсатты индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы.
Баяндаушы: Шортанды ауданы әкімінің орынбасары – Е.Қ. Мұхамедин.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-70/4 «2021-2025 жылдарға Шортанды ауданының аумағын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С-71/3 «2021 жылға арналған аудандық мәслихат аппаратын ұстауға, қызметін қамтуға арналған шығындарын, аппараттың штатын және құрылымын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4. Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының кезекті сессиясының қаралымына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
5. Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
2. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы