№ 7С-2-13 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № С–39/2 «Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

Шортанды аудандық мәслихатының

2019 жылғы 15 наурыздағы № С–39/2

«Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің

құрамын бекіту туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының сәйкес, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 9 бабының 5 тармағымен, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № С–39/2 «Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Шортанды ауданы Қоғамдық Кеңесінің құрамынан шығарылсын:

1. Отаров Дархан Қадырханұлы-Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы, депутаттық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты;

2. Куч Павел Юрьевич - ШЖҚ «Шортанды ОАА» МКК терапиялық бөлімшесінің меңгерушісі, әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс шығуға байланысты;

Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы – Гүлнұр Әнуарбекқызы Сәдуақасованы Шортанды ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамына енгізілсін;

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Шортанды аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

 

 

Аудандық мәслихаттың                                                                                       Аудандық

сессия төрағасы                                                                                                  мәслихаттың хатшысы

_____________ А. Қожамсейітов                                                                    ____________ Г. Сәдуақасова

Дата публикации
29 ноября 2022