№ 7С-2-1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

жетінші шақырылымының

кезектен тыс екінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-70/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Ақпараттандыратын: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Қ. Мұнтаева.

2. Шортанды ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-12/4 «Шортанды ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қазандағы № С-9/19 «Бюджетке төлемдер мен салықтар, еңбекақы мен жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешекті болдырмау жөнінде дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

5. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

6. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № С-14/4 «Жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 мамырдағы № С-57/5 «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау бойынша аудандық комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

8. Шортанды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № С-26/10 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаны өтеген адамдарға әлеуметтік көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

9. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 қазандағы № С-19/3 «1941 жылғыдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамыр кезеңінде 6 айдан кем жұмыс істеген тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау үшін арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

10. шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

11. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы№ С-64/4 «Шортанды ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

12. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № С–39/2 «Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың                                                                                                      Аудандық

сессия төрағасы                                                                                                                мәслихаттың хатшысы

_____________ А. Қожамсейітов                                                                                      ____________ Г. Сәдуақасова

Дата публикации
29 ноября 2022