Шортанды аудандық мәслихаттың
жетінші шақырылымының
кезекті сессиясына енгізілетін
негізгі мәселе туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Шортанды аудандық мәслихатының регламентіне және Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қаралымына төмендегі мәселе енгізілсін:
1. Шортанды ауданының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасының мақсатты индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы.
Ақпараттандырушы: Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы – Мұнтаева Жібек Қалиқызы.
2. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық
сессия төрайымы мәслихаттың хатшысы
_____________ Г. Горкушева ___________ Г. Сәдуақасова