Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының тұрақты
комиссияларын қайта құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының келесі тұрақты комиссиялары құрылсын:
1) депутаттық өкілеттік және этика, жастар істері, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 3 депутаттық құрамда;
2) бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 4 депутаттық құрамда;
3) аграрлық мәселелер және индустриалды-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы 3 депутаттық құрамда.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық
сессия төрайымы мәслихаттың хатшысы
_____________ Г. Горкушева ____________ Г. Сәдуақасова