№ 7С-1-1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

жетінші шақырылымының

бірінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының бірінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық сайлау комиссиясының хабарландыруы туралы.

Ақпараттандыратын: Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы – Ерғалиев С.Н.

2. «Nur Otan» Партиясының» депутаттық фракциясын тіркеу туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының хатшысын сайлау туралы.

4. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының тұрақты комиссияларын қайта құру туралы.

5. Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және этика, жастар істері, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның дербес құрамы туралы.

6. Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның дербес құрамы туралы.

7. Шортанды аудандық мәслихатының аграрлық мәселелер және индустриалды-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияның дербес құрамы туралы.

8. Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының кезекті сессиясының қаралымына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

9. Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

2. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың                                                                                                  Аудандық

сессия төрайымы                                                                                                          мәслихаттың хатшысы

_____________ Г. Горкушева                                                                                       ____________ Г. Сәдуақасова

Дата публикации
29 ноября 2022