«Шортанды ауданының
Құрметті азаматы»
атағын беру туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) Құрметті азаматы» атағының Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, депутаттық өкілеттік пен әдеп, жастар істері, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қорытындысы және аудан әкімінің ұсыныстары негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Шортанды ауданының Құрметті азаматы» атағы берілсін:
Александр Иванович Доброскокқа;
Балтабек Нұрғалиұлы Науразбаевқа.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова