Шортанды аудандық
мәслихаттың сегізінші шақырылымның
кезекті елу бесінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті елу бесінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихаты төрағасының аудандық мәслихаттың қызметі есебі туралы.
Баяндаушы: Шортанды аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Ә. Сәдуақасова.
2. Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақты дамыту шаралары туралы.
Баяндаушы: Шортанды ауданының әкімінің орынбасары - А. А. Сейпелов.
3.Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-46/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Қ. Мұнтаева.
4. «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/5 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7. Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-35/4 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
8. Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 8С-48/3 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
9. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-30/5 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
10. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 8С-20/8 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғаның (отбасының) өтініштерін қарастыру жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
11. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова