Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-35/4 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-35/4 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8903-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.