Шортанды аудандық мәслихатының
2023 жылғы 16 қаңтардағы
№ 7С–37/2 «Шортанды ауданының
округтік сайлау комиссияларының
құрамдарын сайлау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан РеспубликасыКонституциялық Заңының 10 - бабының 3 - тармағына және 19 - бабының 6 – тармағына, Шортанды аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 30а/39а «Сайлау комиссиялары мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды ауданының округтік сайлау комиссияларының (бұдан әрі - ОСК) келесі мүшелері өз міндеттерінен босатылсын:
- № 7 ОСК Буденная Наталья Владимировна Қазақстан халық партиясынан;
- № 11 ОСК Погребнякова Татьяна Валентиновна «AMANAT» партиясынан.
2. Шортанды ауданының округтік сайлау комиссияларының (бұдан әрі - ОСК) мүшелері болып:
- № 7 Сәрсенова Толқын Міржақыпқызы Қазақстан халық партиясынан;
- № 11 Погребнякова Ярослава Владимировна «Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы» ҚБ Шортанды аудандық филиалынан сайлансын.
3. Қажет болған жағдайда Шортанды ауданы бойынша № 7, № 11 аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ұйымдастыру отырыстарын 2026 жылғы 5 маусымына дейін өткізу.
4. Осы шешіснің көшірмесі Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
5. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова