Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымның
кезектен тыс елу бірінші
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабын, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс елу бірінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/3 «Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ басшысы С. Қ. Әкімжанова.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-37/2 «Шортанды ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ басшысы С. Қ. Әкімжанова.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ басшысы С. Қ. Әкімжанова.
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-46/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Қ. Мұнтаева.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 8С-20/9 «Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша және оларға куәліктер беру жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 8С-48/3 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» өзгеріс енгізу туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова