Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындар туралы ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты сайлау комиссиялары құрамдарындағы бос орындары туралы хабарлайды:

  1. Аумақтық сайлау комиссиясы – 1;
  2. № 7 Округтік сайлау комиссиясы – 1;
  3. № 11 Округтік сайлау комиссиясы – 1;
  4. № 692 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;
  5. № 693 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;
  6. № 695 Учаскелік сайлау комиссиясы -3;
  7. № 696 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;
  8. № 697 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;
  9. № 706 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;
  10. № 707 Учаскелік сайлау комиссиясы -2;
  11. № 708 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;
  12. № 710 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;
  13. № 712 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;
  14. № 716 Учаскелік сайлау комиссиясы -2;
  15. № 718 Учаскелік сайлау комиссиясы -2;
  16. № 720 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;
  17. № 723 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;
  18. № 724 Учаскелік сайлау комиссиясы -2;
  19. № 771 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;
  20. № 772 Учаскелік сайлау комиссиясы -1.

Сайлау комиссияларының құрамдарында барлығы 26 (жиырма алты) бос орын бар.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының сайлау комиссиясын қалыптастыруына қатысты жоғарыда тұрғандар мен саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерден ұсыныс 2026 жылғы 4 мамыр 25 мамыр аралығында мына мекенжай бойынша қабылданады: Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22.

Жауапты тұлға – Жакеева Самал Серікқызы, қалааралық телефон коды (871631), қызметтік телефоны: 2-24-70, ұялы телефоны: 8-(707-544-95-44), электрондық поштасының мекенжайы: shortandy_masl@aqmola.gov.kz.

Саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың жоғарыда тұрған бөлімше құрылымдары сайлау комиссиясын қалыптастыруына қатысты 2026 жылғы 4 мамыр 25 мамыр аралығында (қоса алғанда) сәйкес мәслихатқа сайлау комиссиясының құрамына қосу үшін белгілі нысан бойынша үміткерлер тізімін жібереді:

1) сайлау комиссияларының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға, сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23 бабының 3 тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматында, қол қойылған, мөрмен расталған және орындалған күні көрсетіліп, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері болуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 4 мамыр 25 мамыр аралығында (қоса алғанда), дүйсенбі – жұма күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

Шортанды аудандық

мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова

 

 

Дата публикации
30 апреля 2026