Ағымдағы жылдың 20 шілде күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаевтың төрағалығымен және аудан әкімінің орынбасары А.Алдабергеновтың қатысуымен VIІI шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 49 сессиясы өтті. Сессия тиісті бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін білдіріп, аудан әкімі орынбасары мен бөлім басшысы тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Ағымдағы жылдың 05 маусым күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 46 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаев төрағалық етті.
Сессияға аудан әкімі А.Жандарбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, кент әкімі, тиісті бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселе қаралды.
Күн тәртібінде:
«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №38/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Жұмаділ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» мәслихат шешіміне енгізілген өзгерістер туралы баяндады. Бұл бағытта бюджет қаржысын тиімді бөлу мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттары белсенді пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді. Қаралған барлық мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
30 сәуір күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаев төрағалық етті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов, тиісті бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Күн тәртібінде «Шиелі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы №7/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы хабарлама жасады.
Екінші мәселе бойынша Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы Каримов Ғалымжан Болатұлы аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 07 сәуірдегі «Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы құрамын бекіту туралы» №43/7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы баяндады.
Күн тәртібіндегі шығарылған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, баяндамашылар тарапынан тиісті жауаптар берілді.
VIII шақырылған Шиелі аудандық мәслихатының кезекті 43-сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаев төрағалық етті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары А.Алдабергенов, ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, цифрландыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда:
🔹 Цифрландыру және IT саласы бойынша ауданда 33 елді мекеннің 28-і (81,8%) үй интернетімен, ал 30-ы (90,9%) мобильді интернетпен қамтылған. 2026 жылы Шиелі кенті, Алғабас және Бидайкөл елді мекендерінде 4500 абонентті талшықты-оптикалық байланыс желісіне көшіру жоспарлануда.
🔹 «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2026 жылы аудан аумағында 14 245 түп ағаш көшеттерін отырғызу көзделіп отыр. Сонымен қатар, елді мекендерді санитарлық тазарту және ауыз су сапасына тұрақты мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасады.
🔹 Көлік және инфрақұрылым бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 2025 жылы 56,9 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. 2026 жылы жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында 126 дана жол белгісін орнату және 130 шақырымнан астам жол таңбаларын сызу жоспарланған.
🔹 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізіліп, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2026 жылы жалпы құны 924 млн теңгені құрайтын 55 жобаны іске асыру белгіленді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары белсенді пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді. Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаев төрағалық етті.
Сессияға аудан әкімі А.Жандарбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, кент әкімі, тиісті бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен сайлау жүйесіне қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов хабарлама жасап, «АМАNАТ» партиясынан сайланған депутат Сыздық Болат Мүбәрәкұлының жеке өтініші негізінде оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс білдірді.
Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Жұмаділ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» мәслихат шешіміне енгізілген өзгерістер туралы баяндады. Бұл бағытта бюджет қаржысын тиімді бөлу мәселелері талқыланды.
Мәслихат төрағасы М.Тұрабаев округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелерді ұсынып, сайлау заңнамасына сәйкес тиісті шешімдер қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары белсенді пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді. Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.