«Шиелі кентінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1.Шиелі кентінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 2 767 343,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 683 325 мың теңге;
салықтық емес түсімдер -5 111 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 078 907,8 мың теңге;
2) шығындар – 2 808 207 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 40 863,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 40 863,2 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 40 863,2 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат төрағасы М. Турабаев