Шиелі ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

 «Шиелі ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік  әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы

 

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына сәйкес  Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Шиелі ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың ұсынылған  Әдістемесі бекітілсін.
  2. Шиелі аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

          1) ««Шиелі ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы
28 сәуірдегі № 2/4 шешімі;

          2) «««Шиелі ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы
28 сәуірдегі №2/4 шешіміне өзгеріс  енгізу туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 7/4 шешімі.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

                   Аудандық мәслихат

                             төрағасы                                                          М.Турабаев            

Дата публикации
26 ноября 2025