2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №24/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы
№24/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 24/8 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

           1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

           «1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 12 291 812,2 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 5 624 975 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 29 955 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 48 193 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 6 588 689,2 мың теңге;

2) шығындар – 15 894 975,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -116 261 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 157 280 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 273 541 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 486 902,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
3 486 902,4 мың теңге;

қарыздар түсімі – 2 769 517 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 273 541 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 990 926,4 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.        

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

 

 

           Шиелі аудандық мәслихат төрағасы                          М.Турабаев

Дата публикации
26 ноября 2025