Жоба
Шиелі аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 3 тамыздағы № 25/5 «Қызылорда облысының Шиелі ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шиелі аудандық мәслихаттың «Қызылорда облысының Шиелі ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамыздағы № 25/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29060 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихат төрағасы М.Турабаев