«Жаңатұрмыс ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«Жаңатұрмыс ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/10 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жаңатұрмыс ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 97 792 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 6 473 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 91 319 мың теңге;
2) шығындар – 99 955,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 163,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 2 163,8 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 2 163,8 мың теңге».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы М. Турабаев