«Еңбекші ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 «Еңбекші ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған  бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

 Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Еңбекші ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/9 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Еңбекші ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 101 694 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 23 205 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 78 489 мың теңге;

2) шығындар – 109 774,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -8 080,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 8 080,1 мың теңге;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 8 080,1 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Аудандық мәслихат төрағасы                                 М. Турабаев

Дата публикации
20 августа 2025