Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 12 сәуірдегі «Ана мен бала денсаулығын қорғау шараларының ауданда орындалу барысы жайлы» №15/2 шешімінің орындалуы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын басшылыққа ала отырып, «Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 12 сәуірдегі «Ана мен бала денсаулығын қорғау шараларының ауданда орындалу барысы жайлы» №15/2 шешімінің орындалуы туралы» Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлының хабарламасын тыңдап, жан-жақты талқылап, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шиелі ауданына геронтолог дәрігер маманы штатын ашу бойынша жұмысты жалғастыру;
маман тапшылығын азайту мақсатында қажетті дәрігерлерді қайта даярлап, оларды жаңа емдеу әдістері мен инновациялық технологияларды игеруге үздіксіз оқыту жүйесін қамтамасыз ету;
елді мекендердегі медицина ғимараттары мен автокөліктерді жаңалау бойынша жұмысты жандандыру;
Жиделіарық елді мекеніндегі фельдшерлік амбулаториялық пунктке қосымша құрылыс қосу мүмкіндігін қарастыру;
жүкті әйелдердің пренатальдық скринингпен қамтылуын одан әрі арттыру, соның ішінде ұрықтың туа біткен даму ақауларын ерте анықтау және оларға жүйелі талдау жасап отыру;
пренатальдық скринингті меңгерген УДЗ мамандарын дайындау жұмыстарын күшейту;
көрсетілетін медициналық көмек сапасын жетілдіре отырып, аудандағы ана мен бала денсаулығын нығайту және сақтау жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу;
ұрпақ өрбіту жастағы әйелдер арасында жүктілікті жоспарлаудың, жүктілікке дейін денсаулықты нығайтудың және медициналық ұсыныстарды орындаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
тиімді перинаталдық күтім және антенаталдық күтім бойынша координаторлар жұмысын күшейту;
ҚР ДСМ-нің 2021 жылғы 26 тамыздағы №92 бұйрығына сәйкес тіркелімдегі туу жасындағы әйелдерді жыл сайынғы профилактикалық тексеруден сапалы өткізуді, сауықтыруды, контрацепциямен және прегравидарлық дайындықпен қамтуды, динамикалық топтар бойынша бақылауды қадағалау;
жасөспірім қыздардағы профилактикалық байқау кезінде анықталған ауруларды дер кезінде емдеуді қамтамасыз ету;
бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) және стационар деңгейінде жүктілікке абсолютті қарсы көрсетілімдері бар, жүкті, босанған және басқа экстрагениталды аурулары бар әйелдерді мультидисциплинарлық консилиуммен уақытылы қамтамасыз ету;
жүкті әйелді жүктілік анықталған күннен бастап жүкті әйелдер тізіліміне енгізіп, тексерулерден уақытылы өткізуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №1027 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсету стандарты бойынша жұмысты ұйымдастыру, күнделікті аймақтарда жүргізілетін үй аралау жұмыстарын күшейту;
Қазақстан Республикасындағы акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарты 2021 жылғы 26 тамыздағы №92 бұйрығы бойынша жұмыс жасау;
патронаждық қызмет көрсетудің жетілдірілген әмбебап моделінің жұмысын жақсарту, супервизияны күшейту жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуді ұйымдастыру тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев