Шиелі ауданыны әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы
Аудан әкімі А.Жандарбековтың «Шиелі ауданының 2025 жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жайлы» есебінен байқағанымыздай, Шиелі ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары мен тапсырмаларын орындауда және ауданымыздың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін тиімді пайдалану мен игеруінде межеленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру бағытында біршама жұмыстар атқарылған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып, «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы Жарлығына сәйкес аудан әкімі А.Жандарбековтың хабарламасын тыңдап, жан-жақты талқылап Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев