«Қоғалы ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

«Қоғалы ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы  №25/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қоғалы ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/17 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоғалы ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 96710 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер - 2961 мың теңге;

         трансферттер түсімі - 93 749 мың теңге;

         2) шығындар – 97 729,3 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті)  –  -1019,3 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –
1019,3 мың теңге;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1019,3 мың теңге.».

           Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шиелі аудандық мәслихат төрағасы                                            М.Турабаев

Дата публикации
01 июля 2025