«Керделі ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

«Керделі ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы»  Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Керделі ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/15 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Керделі ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті  1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер – 117 522 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 22 543 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 95 009 мың теңге;

          2) шығындар – 120 651 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 3 099 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 3 099 мың теңге;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 3 099 мың теңге.».

         Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

               

Шиелі аудандық мәслихат төрағасы                                            М.Турабаев

Дата публикации
01 июля 2025