«Шиелі кентінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

«Шиелі кентінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Шиелі кентінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1.Шиелі кентінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және  3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 2 179 305,8  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 418 174 мың теңге;

салықтық емес түсімдер -262 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1 760 869,8 мың теңге;

2) шығындар – 2 220 169  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – - 40 863,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –    40 863,2 мың теңге;

          қарыздар түсімі - 0;

          қарыздарды өтеу - 0.

          бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 40 863,2 мың теңге.».

         Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шиелі аудандық мәслихат төрағасы                                            М.Турабаев

Дата публикации
01 июля 2025