2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №24/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы
№24/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №24/8 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

           1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

           «1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 12 214 386,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 956 825 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 117 305 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 96 993 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 7 043 263,5 мың теңге;

2) шығындар – 13 205 312,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -116 261 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 157 280 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 273 541 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 874 665,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
874 665,4 мың теңге;

қарыздар түсімі – 157 280 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 273 541 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 990 926,4 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                   Аудандық мәслихат

                             төрағасы                                                           М.Турабаев                               

Дата публикации
17 июня 2025