«Тұран ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті
туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы
26 желтоқсандағы №25/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұран ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 102 274 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 5 278 мың теңге;
трансферттер түсімі – 96 996 мың теңге;
2) шығындар – 105 296,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 022,8 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –
3 022,8 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары– 3 022,8 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат төрағасы М.Турабаев