«Телікөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Телікөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы 

№ 25/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Телікөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы   № 25/23 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін.

  1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. Телікөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 403 754 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 756 мың теңге;

трансферттер түсімі – 401 998 мың теңге;

2) шығындар – 404 124,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен  операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -370,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 370,1 мың теңге;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 370,1 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шиелі аудандық мәслихат төрағасы                                 М. Турабаев

Дата публикации
18 марта 2025