«Ортақшыл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Ортақшыл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған  бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

           Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ортақшыл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/19 шешіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:

            1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

          «1. Ортақшыл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті  1, 2 және 3, қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 56 236 мың теңге, оның ішінде:

          салықтық түсімдер – 2 685 мың теңге;

          трансферттер түсімдері – 53 551 мың теңге;

          2) шығындар – 58 699,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2463,6 мың  теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 2463,6 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 2463,6 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шиелі аудандық мәслихат төрағасы                                 М. Турабаев

 

 

Дата публикации
18 марта 2025