«Жиделіарық ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 «Жиделіарық ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға

арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының

2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/11 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

1.«Жиделіарық ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы  № 25/11  шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Жиделіарық ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті  1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 

1) кірістер – 81 061 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 853 мың теңге;

трансферттер түсімі – 80 208 мың теңге;

2) шығындар – 81 464,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) --403,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) -403,5 мың теңге;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 403,5 мың теңге.».

 Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шиелі аудандық мәслихат төрағасы                                 М. Турабаев

Дата публикации
18 марта 2025