«Бәйтерек ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Бәйтерек ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 105 087 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 8 511 мың теңге;
трансферттер түсімі – 96 576 мың теңге;
2) шығындар – 114 823,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -9 736,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –
9 736,1 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 9 736,1 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Шиелі аудандық мәслихат төрағасы М. Турабаев