«Ақтоған ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 «Ақтоған ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы 
№ 25/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақтоған ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/4 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа  редакцияда  жазылсын:

«1. Ақтоған ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті  1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер –73097 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер –2916 мың теңге;

         трансферттер түсімі –70181 мың теңге;

         2) шығындар –74270,7  мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1173,7 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –1173,7 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу – 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары–1173,7 мың теңге.».

         Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шиелі аудандық мәслихат төрағасы                                   М. Турабаев

Дата публикации
18 марта 2025